«Үздік бейнесабақ» байқауы
Бүгін жас мамандар арасында «Үздік бейнесабақ» тақырыбында байқау болып өтті. Мақсаты-жас мамандардың шығармашылық әлеуетін , кәсіби деңгейін арттыру және оларға қолдау көрсету . Байқау барысында жас мамандар өздерінің қысқа мерзімді сабақтарының бейне контентін ұсынды. Бағалау критерийлері бойынша сабақтың сапасы, оқыту мен оқудағы қолданылған әдіс-тәсілдердің
тиімділігі, оқу мақсаты және берілген тапсырмаға сәйкес қалыптастырушы бағалау мен кері байланыс жүргізу тиімділігі, мұғалімнің шығармашылық әлеуеті мен шеберлігіне баса назар аударылды.