«Сабақты зерттеу тәсілі: тәжірибелік білім, бірлескен оқу» тақырыбында аудандық семинар

«Руханият» желілік қоғамдастығының ұйымдастыруымен «Сабақты зерттеу тәсілі: тәжірибелік білім, бірлескен оқу» тақырыбында аудандық семинар болып өтті. Семинарға серіктес Шоқысу негізгі және 33 дара бастауыш мектептерінің мұғалімдері Ә.Жангелдин атындағы білім ордасына келіп, әріптестердің сабағына коучинг, тренинг, жоба жұмыстарына қатысты.

Қонақтарды мектеп оқушыларынан құралған «Кәусар» ансамблі күй орындап қарсы алды. Ашылу сәтінде сөз алған аудандық білім бөлімі жанындағы әдістемелік құрылымдық бөлімшенің әдіскері
Н.Н Жақсыбаева, мектеп директоры А.О.Оспанова семинарға сәттілік тіледі.

Бағдарлама бойынша:
1. Орта ғасырдағы ғылымның дамуы. 11″Ә»- сыныбында Ж.Құрманалина;
2. The Legend of the Lake. 9″Ә»-сыныбында Г.Қуатова;
3. Planets. 4″Ә»- сыныбында А.Сағынаева;
4. Дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалар. 10″А»- сыныбында А.Қалмақанов;
5. Дара және күрделі етістік. 2″Ә»- сыныбында М.Ешниязова;
6. Б.Момышұлы. «За нами Москва». 7″Ә»- сыныбында Р.Изтлеуова;
7. Жазықтықтағы координаталар тәсілі. 8″Ә»- сыныбында Р.Матбаева ашық сабақ өткізді.
9. Теңдеулерді түрлендіру тәсілімен шешу. Ж.Мұқанова панорамалық сабақ көрсетті.
10. «Lesson study тәсілі бойынша зерттеу сұрағын анықтаудың маңызы»тақырыбында Ж.Насамбаева жоба қорғады.
11. «Lesson study — мұғалімнің кәсіби өрлеу жолы» деген тақырыппен А.Насамбаева коучинг өткізді.
12. А.Оспанова сергіту сәтін ұйымдастырып, психолог Ж.Ерғалиева қызықты тренинг жүргізді.

Семинарға қатысушы мұғалімдер рефлексия сәтінде өз көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алғандығын, тәжірибе жинақтағандарын айтып, алғыстарын білдірді.

YouTube player