«Текті сөздің төресі — терме» атты қалалық термешілер байқауы
Ұлттық өнерімізді кейінгі буынға боямасыз жеткізіп, оны жастар арасында кеңінен дәріптеу мақсатында мектебімізде өнер қонып, бақ дарыған ерекше дарын иесі, шәкіртін өнерге тәрбиелеген, «Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ»-нің еңбек сіңірген ұстазы Ізбасова Күнзира Жұмамұратқызын еске алуға арналған «Текті сөздің төресі — терме» атты қалалық термешілер байқауы өткізілді. Байқауда қала мектептерінен 18 жас термешілер бақ сынады.
Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларға арнайы мадақтамалар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
Рухани кеште жыр саңылақтары орындаған термелерді жастар ұйып тыңдады. Ұлттық өнерді ұлықтаған мұндай кештердің ұрпаққа берері көп екені айдан анық.
Ізбасова Күнзира апайымыздың осындай еске алу кешін ұйымдастыруда демеушілік жасаған 2015 жылғы түлек Сағынтаева Самал Есетқызына және 2016 жылғы бітірген түлектерге алғыс айтамыз.