«Сауат ашу негіздері» бойынша сабағы
«Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ» КММ-нің мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес мектеп алды даярлық топтарында оқушылардың функционалдық сауаттылықты арттыру жолдарының жүзеге асыру деңгейін зерделеу мақсатында мектеп әкімшілігі МАД тобының тәрбиешісі Әкімгереева Меруерттің «Сауат ашу негіздері» бойынша сабағына қатысты. Тәрбиеші тәрбиеленушілерінің жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыру үшін дыбыстан буын,буыннан сөз құрастыртты.Өмірмен байланыс жасау арқылы түрлі жағдаяттық тапсырмалар беріп , балалардың коммуникативтік дағдыларын дамытты.