«Эколог сағаты» республикалық акциясы аясында “Күншуақ” тобы қатысушылары табиғатты қорғау тақырыбында танымдық іс-шараға қатысты.

Оқушылар экологияға байланысты сұрақтарға жауап беріп, бейнематериал тамашалады. Сонымен қатар қоршаған ортаны аялау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Тәжірибелік бөлімде балалар арамшөптерді жұлып, гүлдерді суарып, табиғатты күтіп-баптауға өз үлестерін қосты. Табиғатты қорғау – әрбіріміздің ортақ міндетіміз! 🌱💚

Тәрбиешілер: Бекішова Ұ,Сақыпжанова Г,Ізбасарова Д


️