Аудан әкімінің орынбасары
С.Джумановтың төрағалығымен өткізілген аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке
толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның
кезекті отырысында аудандық полиция бөлімінен түскен Шалқар қаласындағы орталық
саябақ аумағындағы қоғамдық мүлікке залал келтіру фактісі бойынша ұсыныс
қаралды.
Құқық бұзушылықтың мән-жайы талқыланып, кәмелетке
толмағандардың мінез-құлқы, ата-аналардың жауапкершілігі және профилактикалық
жұмыстардың нәтижелері сараланды.
Қорытындысында:
· профилактикалық шараларды күшейту;
· ата-аналардың жауапкершілігін қарастыру;
· білім беру ұйымдарында құқықтық тәрбие мен
вандализмнің алдын алу жұмыстарын жандандыру;
· оқушылармен жеке тәрбиелік жұмыстар жүргізу
туралы шешімдер қабылданды.
Қоғамдық мүлікті сақтау – әр азаматтың міндеті.
Жас ұрпақтың заңға құрметпен қарап, қоғамдық жауапкершілікті сезінуі – отбасы
мен қоғамның ортақ міндеті.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы
ЕРМАХАНОВ АЙБЕК МУРАТБЕКОВИЧ
29.09.2026
09:31