🌞 «Күншуақ» тобы
9-күн – «Picnic Time» (Пикник күні)

Бүгін балалар таза ауада демалып, көңілді ойындар ойнап, достарымен бірге уақыт өткізді. Пикник барысында түрлі эстафеталар, қимылды ойындар ұйымдастырылып, балалардың ұйымшылдығы мен белсенділігі артты. Табиғат аясындағы демалыс көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, есте қаларлық сәттерге толы болды. 🌿🧺
☀️

Тәрбиешілер: Сақыпжанова Г, Ізбасарова Д, Бекішова Ұ.