Лагерьдегі 6-күн:
«Болашақ» тобы
Сиқырлы ғылым мен қиял ғажайыптары! 🔬🎨✨
Біздің жазғы лагеріміздің алтыншы күні нағыз
жаңалықтар мен шығармашылықтың мекеніне айналды! Балалар бүгін де уақытты өте
қызықты әрі танымдық бағытта өткізді. 😍
🏃♂️ Сергек таң:
Күнімізді бойға қуат беретін көңілді таңғы жаттығудан бастадық. Балалар бір
серпіліп, жаңа күнге үлкен дайындықпен кірісті.
🧪 «Сиқырлы ғылым» тәжірибелері: Бүгінгі
күннің ең қызықты сәті — мектеп қабырғасында жасалған сиқырлы тәжірибелер болды.
Балалар ғылымның ғажайыптарына өз көздерімен куә болып, нағыз ғалымдар секілді
сезінді! 🔬🤯
🖌️ Шеберлер әлемі және қиял суреттері: Таза ауада, мектеп ауласында балалар қиялынан туған ерекше суреттерін салды. Асфальт пен ақ қағаздар түрлі-түсті бояуларға толып, мектеп ауласы нағыз шеберлер көрмесіне айналды. 🖼️🌿
🍿 Мульт-сәт: Дәмді әрі құнарлы түскі
асымызды ішіп болған соң, балалар ерекше ықыласпен сүйікті мультфильмдерін
тамашалады. Бұл сәт күні бойғы белсенділіктен кейін тамаша демалыс болды. 🎬🍿
Балалардың жүзіндегі таңданыс пен бақытты күлкі
бүгінгі күннің ең үлкен сыйы! 💖
«Болашақ» топ жетекшілері: Кенжеева.А, Барақбаева.А, Батырханова.А