"СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ" АТТЫ АУДАНДЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

📌Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің келісімімен және Шалқар ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ мектеп базасында "Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам - жарқын болашақ кепілі" атты аудандық эссе байқауы өткізілді.

📌Байқаудың мақсаты - жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық пен әділдік құндылықтарын дәріптеу және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

📌Байқау қорытындысы бойынша I орынды Мапутова Мәншүк (№8 ЖОББМГ), II орынды Көшетова Назерке («Шалқар аудандық сәулет,құрылыс және қала құрылысы»ММ), Қоңырбаева Нұршат (№3 ЖОББМ), III орынды Құдайбергенова Баян (Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ) иеленіп, ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы А.Шілмановтың дипломдарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

📌Сондай-ақ, байқауға төрелік еткен қазылар алқасының мүшелеріне аудан әкімінің міндетін атқарушы Қ.Ақшолақтың алғыс хаттары табыс етілді.