«Күншуақ» тобы 🌞
6-күн – «Жұлдызды кино күні» 🎬⭐
Бүгін «Күншуақ» тобы үшін қызықты әрі көңілді
күн болды. Балалар сүйікті мультфильмдерін тамашалап, кейіпкерлер әлеміне
саяхат жасады.
Сондай-ақ балалар асфальтқа түрлі-түсті бормен
қиялдарындағы әсем суреттерді салып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әр
суретте балалардың арманы мен қиялы бейнеленді.
Күннің соңында балалар ертегі қойылымын сахналап, өздерінің актерлік шеберліктерін көрсетті.✨🎭🎨
Тәрбиешілер: Сақыпжанова Г, Бекішова Ұ, Ізбасарова Д.