Студенттермен кездесу

Бүгін мектебімізде «Жақсы көңіл, студенттік өмір» атты студенттермен кездесу кеші өткізілді. Аталған шараға мектеп директоры Оспанова Алия Оспанқызы қатысып, кешегі мектеп түлектері, бүгінгі студенттерге алғысын білдіріп, болашақ жарқын өмірді қалау, тек әр адамның өз қолында екендігін және саналы, білімді, жан-жақты тұлға болып қалыптасуларына тілек білдірді.

Кешке келген қонақтарымыз студенттік өмірдің қызығымен бөлісіп, мектеп оқушыларын уақытылы оқуға, талмай еңбектенуге, үнемі өз білімдерін жетілдіруге шақырды.

Іс-шара барысында қызықты ойындар ойнатылып, әсем әндер айтылып, ой-пікірлер ортаға салынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *