«Әуезов әлеміне саяхат» атты байқау

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ»КММ» кітапханасы «Әуезов әлеміне саяхат» атты байқау ұйымдастырады
Байқауға Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармалары «Көксерек»әңгімесі, «Қараш-қараш оқиғасы» повесі, «Қорғансыздың күні»әңгімесін оқуға ұсынылады.

Байқаудың мақсаты:
Қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы М.Әуезовтың шығармаларын насихаттау,
Жас оқырман қауымның шығармашылық қабілетін дамыту, Жас оқырманның әдебиетке деген қызығушылығын арттыру:

Байқаудың шарттары:
Байқау екі кезеңнен тұрады:
Бірінші кезеңде аталған шығармалар бойынша дайындалған сұрақтарға жауап беру керек.
Екінші кезеңде берілген кітаптардың ішінен өзіңе ұнаған бір шығарма бойынша авторға хат жазу.

2. Байқауға 8-10 сынып оқушылары қатыса алады

Байқаудың қорытындысы:
Байқау қатысушыларының жұмыстарын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.

Байқау 21 қазан күні сағ.ж.у 15.00-де «Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ»КММ кітапханасында өтеді.
Өтінімдер мен авторға жазылған хаттар 15 қазанға дейін кітапхананың 76ziko@mail.ru электронды почтасына қабылданады.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Байқаудың жеңімпаздары туралы ақпарат интернет ресурстарына жарияланады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *