«Мөлдір бұлақ» сынып театрының ашылуы

КҮЗГІ КАНИКУЛ жоспарына орай «Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ» КММ-де 1-11 сыныптар арасында 92 қызықты іс-шаралар өткізілді. Ата-ана, оқушы, мектеп ұстаздарымен бірлескен жұмыстар каникул күндерінде оқушылардың уақытты тиімді өткізуіне арқау болды.

Соның бірі — Бақтыбаева Гүлмира жетекшілік ететін 1-сынып оқушыларынан құрылған «Мөлдір бұлақ» сынып театрының ашылу салтанаты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялауына орай бұл шарада ата-аналар өз қолдарымен жасалған көрнекі құралдармен сахнаны безендіріп, балалармен бірлесе сахналық қойылымдарға қатысып, жас бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады. Мектепішілік «Театр жобасы» жаңа бір қырынан жаңғырып, сынып театрында барлық оқушылар өнер көрсетті.

«Балапан» арнасындағы балалардың сүйікті кейіпкерлері Әли мен Айя әжесімен мектепке жол тартып, ертегі кейіпкерлеріне жолығып, кедергілерден өтіп, театрдың тұсаукесеріне келуі сахналанды. Жас әртістерге театрдың алтын кілті мен куәлік табысталды.
Мазмұнды сценарий, шебер сахналық қойылымға ризашылықтарын білдіріп, ата-ана батасын берді.
Кеш соңында мұғалім «Ашық микрофон» әдісі арқылы көрермен ата-аналардан,
ұстаздардан балалық шағын бір еске түсіре, қандай ертегіні сүйіп оқығандықтарын, қай кейіпкермен дос болғандықтарын сұрай өтті. Театрдың ашылу рәсімі әсем әнмен аяқталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *