Тарихи өлкемнің — тарихи мекемесі

«Мен және менің өмірлік ұстанымым» атты кәсіптік бағдар беру апталығы аясында 9-сынып оқушыларымен «Тарихи өлкемнің — тарихи мекемесі» деген тақырыпта Шалқар локомотив айналым депосында кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты- туған өлке тарихын тереңірек білу, ел мен елді байланыстыруда еңбек етіп жатқан мекеменің қызметімен танысу. Кездесуде Шалқар локомотив айналым депосы бастығы Б. А. Жолмағанбетов, дәріс беруші, нұсқаушы А. Бағымбаев, жолаушылар пойызының нұсқаушысы М. Бертлеуов депоның бүгінгі тыныс тіршілігі туралы баяндады. Заман ағымымен бірге дамыған депоның техникалық өсу жолдары туралы ақпарат берілді. Машинист қызметінің маңызы, қиындығы туралы әңгімеленді. Сонымен бірге жол бойынан өтудің қауіптілігін, жастардың құлаққап киіп алып теміржол бойынан өтудің соңы қайғылы оқиғаға әкелетіні ескертілді. Ел ағалары кез келген саланың білгір маманы болу үшін білімнің маңыздылығын өмірлік тәжірибелерімен байланыстыра әңгімеледі. Қойылған сұрақтарға жауаптар алынып, мекеменің техникалық құрылғыларымен таныстырылды. 9-сынып жетекшілері: С. Төлеуова, А. Насамбаева

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *