«Зияткерлік білім» сайысы

Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы «Зияткерлік білім» сайысы:
Білім сайысының мақсаты:
а)Оқушылардың білімін жинақтау, жүйелеу;
ә) Ойлау дағдыларын дамыту;
в) Зейіндерін шапшаң шоғырландыруға үйрету;
г) топпен жұмыс жасауға баулу.

Сыныптан тыс жұмыстың барысы
Кеше ғана бастауыш сыныптың партасында отырдық.5-6 ай бұрын жоғары буынға өттік. Яғни есейдік. Адам баласының білімділігінің көрінісі оның сауатты сөйлеп, сауатты жаза білуінен көрінеді. Ендеше «Әдебиет – ойдың айнасыы» болса, әдебиетпен достығымыз, ана тіліміздегі теориялық біліміміз қаншалықты қалыптасты екен? Осындай мақсатпен ұйымдастырылған білім бәйгесіне қош келдіңіздер. 5 «А» және «Ә» сыныптарынан өз сыныптарының намысын қорғауға келген додаға қатысушыларды ортаға шақырамыз.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз ,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге,бәйге,бәйгелерді көрңіз! дей отырып қазылар алқасымен таныстырылады.